Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңдеріне дайындықты бастады

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңдеріне дайындықты бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 15:23 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Доха қаласында (Қатар) оқу-жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда алдағы Әлем кубогының кезеңдеріне дайындық жүргізуде. Оқу-жаттығу жиыны 30 наурызға дейін жалғасады, содан кейін кейбір спортшылар Әлем кубогының кезеңіне аттанады.

Айта кетейік, дайындық орталығында Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, сондай-ақ 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушылары Никита Чирюкин, Константин Малиновский, Арина Алтухова, Ирина Юнусметова және басқа да спортшылар бар.

Келесі Әлем кубогының кезеңі 1-11 сәуір аралығында Буэнос-Айресте (Аргентина) өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: