Қазақстандық балуан Омар Сатаев Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Омар Сатаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда сенімді жеңіске жетті.
Бұл кезеңде қазақстандық спортшы жапониялық Тайзо Ёшидоны мерзімінен бұрын ұтып, финалға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Қабдыл (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі) және Ілияс Гучигов (97 келі) қарсыластарына жол берді.
Егер олардың қарсыластары финалға шықса, қазақстандық спортшылар қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript