Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды

Амман қаласында (Иордания) әйелдер күресінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Жәмила Бақбергенова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы жарысты ширек финалдан бастады. Бұл кезеңде оның қарсыласы оңтүстіккореялық Ким Се Хи болды.
Бақбергенова басымдыққа ие болып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript