Еркін күрестен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы бес жүлдені қанжығаларына байлады

Еркін күрестен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы бес жүлдені қанжығаларына байлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2025 10:43 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық балуандар Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында бес медальді ел қоржынына салды, деп хабарлайды Zakon.kz

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Болат Сакаев Иран өкілі Абольфазл Рахманиден 4:11 есебімен жеңіліп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Оған дейін еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша алтын жүлдені жеңіп алды.

Сондай-ақ, Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) мен Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес медальмен аяқтады: бір алтын, екі күміс және екі қола.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: