Қазақстандық теннисші Мексикадағы беделді турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Мексикадағы беделді турнирдің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2025 10:51 Сурет: Instagram/dmitrypopko
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (әлемнің 175-ракеткасы) Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан ATP Challenger санатындағы турнирдің чемпиондық атағына таласады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дмитрий ерлер арасындағы жекелей сын бойынша жартылай финалдық матчта Канада өкілі Алексис Галарноны (әлемнің 162-ракеткасы) екі сетте – 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Попко алты эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Ал Галарно екі эйс жасап, екі қос қателік жіберді.

Финалда 28 жастағы қазақстандық теннисші Рафаэль Джодар (Испания) – Марк-Андреа Хусслер (Швейцария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Дмитрий Попко өткен аптада карьерасында екінші рет "Челленджердің" жекелей сынында жеңіске жетті. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: