Ержан Біржанов жаңа қызметке сайланды

Ержан Біржанов жаңа қызметке сайланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 19:22 Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ержан Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада "Қазақстан триатлон федерациясы" қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Ұлттық олимпиада комитеті өкілдері және өңірлік федерация басшылары қатысты.

Жиын барысында федерацияның 2023–2024 жылдардағы жұмысы қорытындыланып, жаңа президент сайланды. Дауыс беру нәтижесінде Ержан Ерікұлы Біржанов Федерация президенті болып сайланды. Ол бұған дейін бірінші вице-президент қызметін атқарған. Ал бұрынғы президент Даурен Әділбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Федерацияның бұрынғы басшылығына триатлонды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Ержан Біржановты жаңа қызметімен құттықтады.

"Федерация алдында жаңа әрі ауқымды міндеттер тұр. Сенімді және кәсіби команда бұл бағытта жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін. Министрлік тиісті қолдау көрсетуге дайын және ашық диалогқа әрдайым әзір", - деді Серік Жарасбаев.

Іс-шара барысында Федерация қызметінің тиімділігін арттыру және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер де қаралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: