Қазақстандық сегіз дзюдошы Душанбеде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық сегіз дзюдошы Душанбеде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 17:15 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы дзюдодан Grand Slam санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды халықаралық жарыс 1–3 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтеді.

Еліміздің намысын сегіз спортшы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, медаль үшін төмендегі дзюдошылар күреседі:

- Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)

- Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)

- Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)

- Ықылас Әлсейіт (73 келіге дейін)

- Аңсарбек Ғайнуллин (81 келіге дейін)

- Досхан Жолжақынов (81 келіге дейін)

- Ермұхан Естай (100 келіге дейін)

- Мұхаммедәли Мавлидов (100 келіге дейін)

Жалпы аталмыш турнирге 200-ден астам спортшы қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: