Әбиба Әбужақынова Душанбедегі Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі

2-4 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) жарыстың қола жүлдесі үшін таласқа түседі.
Спортшымыз жарысты сәтті бастап, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда 1/2 финалда қытайлық Чжуан Веннаға есе жіберді. Қола жүлде үшін Әбужақынова өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript