Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннисші Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 17:38 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының теннисшісі Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Құламбаева мен латвиялық Дарья Семениста ширек финалда Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери мен жапониялық Эри Ходзумиден басым түсті.

Кездесу нәтижесі: 6:3, 1:6, 10:7.

Жартылай финалда Құламбаева мен Семенистая жапониялық Нао Хибино және ресейлік Виталия Дьяченко жұбымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: