Назым Қызайбай, Нариман Құрбанов және басқа да Олимпиада жүлдегерлері пәтер кілттерін алды

Назым Қызайбай, Нариман Құрбанов және басқа да Олимпиада жүлдегерлері пәтер кілттерін алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 10:04 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 2 мамырда Париж Олимпиадасының бес жүлдегері Алматыдан пәтер кілттерін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жаңа пәтерлердің иесі болған бес спортшының арасында:

  •  Спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов бар. Оған екі бөлмелі пәтер сыйға берілді;
  • Қола жүлде иегерлері — боксшы Назым Қызайбай мен нысана көздеуден спортшы Ислам Сатпаев — бір бөлмелі пәтерлерге ие болды.

Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен пневматикалық мылтықпен ату спортынан Александра Ле қазір оқу-жаттығу жиынында және жарыстарда жүргендіктен, пәтер кілттері оларға кейінірек табысталады.

"Олимпиада жүлдегерлеріне баспана сертификаттары 2024 жылғы тамызда табысталған. Осы уақыт аралығында алдымен заңдық рәсімдер жүргізіліп, кейін пәтерлерге таза әрлеу жөндеу жұмыстары жасалды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: