Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

Әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан топырақ төсенішіндегі WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Германия өкілі Ева Лиске қарсы өткен кездесуде Рыбакина екі сетте жеңіске жетті – 7:6 (7:3), 6:2. Ойын 1 сағат 25 минутқа созылды.
Ойын барысында қазақстандық теннисші төрт эйс жасап, бір қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Лис бір эйс, бір қос қателік жасап, жеті мүмкіндіктің үшеуінде брейк жасаған.
Үшінші айналымда Рыбакина канадалық Бьянка Андреескумен кездеседі.
Турнир Италия астанасында 6–17 мамыр аралығында өтеді. Бұл жарыстың қазіргі чемпионы – польшалық теннисші Ига Швентек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript