Спорт министрі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жаттығуына барды

Спорт министрі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жаттығуына барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 17:16 Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоровтың жаттығу жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шайдоров "Алау" мұзайдыны сарайында 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпия ойындарына және халықаралық жарыстарға дайындалып жатыр.

Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда "Алау" мұзайдынында еліміздің үздік спортшылары арнайы жеке бағдарлама бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Министр Михаил Шайдоровпен жеке кездесіп, дайындығы, спорттық формасы мен психологиялық жағдайы туралы сұрады. Сонымен қатар жаттықтырушылар құрамымен пікір алмасып, алда келе жатқан маңызды жарыстарға дайындық барысын талқылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: