Жапониядағы беделді жарыста теннисші Зарина Диас чемпион атанды

Жарақатына байланысты ұзақ уақыт теннистен қол үзіп, былтыр кортқа оралған қазақстандық Зарина Диас Жапониядағы ITF W50 санатындағы халықаралық беделді турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куруме қаласында өткен финалда Зарина турнир қожайыны - 27 жастағы Аяно Шумицуды шаң қаптырды. Матч екі сетте аяқталды. Әлемдік рейтингте 318-ші орында тұрған отандасымыз қарсыласынан 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.
Бұл - Заринаның тенниске оралғаннан кейінгі бірінші титулы. Ол жарақатына байланысты екі жылға жуық кортқа шықпады. Содан кейін бабына келу үшін көп уақыт қажет болды.
"Міне, Жапониядағы турнирімді жеңіспен аяқтадым. Финалда ең үздік нәтиже көрсетемін деп армандаған да емеспін. Төрт апта бойы көптеген матч, түрлі сәттер — жеңістер де, қиындықтар да, күрес те, өсу де болды. Жапония, осы тәжірибе, сынақтар мен естеліктер үшін алғыс айтамын. Қуаныштан жүрегім кеудеме сыймай үйіме қайтып барамын", деп жазды Зарина Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль иеленген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript