Танымал теннис шоу-мені қазақстандық әріптесіне үндеу жасады
Сурет: Instagram/k1ngkyrg1os
Александр Бубликтің бұл жетістіктері теннис әлемінің басты шоу-мені – Ник Кириостың назарынан тыс қалмады.
Әрине, аустралиялық теннисші қазіргі таңда рейтингтен шығып қалған. Бірақ ерекше ойыны мен корттағы еркін әрекеттерімен танымал болған ол, енді өзіне ұқсас ойын мәнері бар Бубликке назар аударып отыр. Александрды көптен бері Кириосқа ұқсатып келеді, ал Ник жақында қазақстандық әріптесіне "Уимблдон" турниріне орай тілек білдірді.
This is an interesting take. But again, of course we can’t just appreciate 2 guys going about it the way they want to. Bublik is fun to watch and I’m grateful for all the entertainment 🙏🏽 what a result. Keep going bublik ❤️ https://t.co/G9L7jrkxGK
— Nicholas Kyrgios (@NickKyrgios) June 23, 2025
"Бұл қызық пікір, әрине, ойынды өз қалауы бойынша ойнайтын екі жігітке қуансақ болмай ма? Сашаны тамашалау – бір ғанибет, ол үшін алғыс айтамын. Қандай нәтиже болса да, осылай жалғастыра бер, Бублик", – деді Ник Кириос.
Соңғы екі айдың ішінде Александр Бублик бірден 45 сатыға көтеріліп, қазіргі таңда әлемдік рейтингте 30-орынды иеленіп отыр.
Бұған дейін Бубликтің алғаш рет Медведевті жеңіп, Германиядағы ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанғандығы хабарланған болатын.