Үстел теннисі: Қазақстан Хорватиядағы WTT Contender турниріне қатысады

Үстел теннисі: Қазақстан Хорватиядағы WTT Contender турниріне қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 23:22 Сурет: olympic.kz
24-29 маусым аралығында Хорватияның Загреб қаласында үстел теннисінен WTT Contender Zagreb атты ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарысқа әлемдік рейтингте жоғары орында тұрған танымал спортшылар қатысады: Томокази Харимото (Жапония, ITTF рейтингінде 4-орын), Сян Пэн (Қытай, 9-орын), Дарко Йоргич (Словения, 10-орын), Бенедикт Дуда (Германия, 11-орын), Ан Джэхён (Оңтүстік Корея, 17-орын), Ох Джунсунг (Оңтүстік Корея, 19-орын).

Қазақстан намысын үш теннисші қорғайды. Олар турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Алғашқы қарсыластары төмендегідей:

  • Дастан Кенжіғұлов – Сюй Хайдун (Қытай);
  • Айдос Кенжіғұлов – Джошуа Стейси (Уэльс);
  • Санжар Жұбанов – Сендрик Мейсснер (Германия).
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: