Футболдан КӘЧ-2025: суперкомпьютер турнирдің басты фавориттерін анықтады

Футбол, клубтық әлем чемпионаты, ПСЖ, суперкомпьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 19:57 Сурет: Instagram/fifaclubworldcup
Футболдан клубтық Әлем чемпионатының топтық кезеңінің ойындары аяқталғаннан кейін ағымдағы турнирдің басты жүлдесіне татитын екі негізгі үміткердің аты аталды. Бұл жолғы жеңіс ПСЖ немесе "Ман Ситиге" бұйыратыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Opta суперкомпьютерінің мәліметі бойынша, ширек финалға шыққан командалар арасында кубокты жеңіп алуда ең үлкен мүмкіндік француздың ПСЖ-сына тиесілі екен.

УЕФА Чемпиондар Лигасының қазіргі жеңімпазының осы турнирде жеңіске жету ықтималдылығы 20,61%-ды құрайды. Соңғы аптада АПЛ-2025 турнирінің қола жүлдегері, "Манчестер Сити" клубының да мүмкіндігі жоғары үлесті қамтыды: 20,40%.

Тағы төрт клуб беделді кубокқа ие болуда жақсы әлеуетке ие екен. Олар:

  • "Интер" - 12,39%,
  • "Бавария" - 11,28%,
  • "Челси" - 10,45%
  • "Реал" - 9,69%.

КӘЧ-2025 финалының 1/8 матчтары 28 маусым мен 2 шілде аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: