Футболдан 2025 жылғы Әлем чемпионатының титулына кімдер үміткер

Футболдан 2025 жылғы Әлем чемпионатының титулна кімдер үміткер , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 16:43 Сурет: Instagram/chelseafc
2025 жылғы 5 шілдеде АҚШ-та клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады. Жанкүйерлер болашақ жеңімпазды да алдын-ала болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Opta суперкомпьютерінің пікірінше, бүгінгі таңда ойында ерекше көзге түсіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген – Лондонның "Челси" клубы.

Бұл ретте, "Аристократтарға" чемпиондық ықтималдығы 26,8% деп болжануда. Өз кезегінде, UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы француздық ПСЖ сәл артта 24,9%-дық көрсеткішпен келе жатыр.

Сонымен қатар, титулды иелену мүмкіндігі жоғары командалар қатарына "Реал" (16,9%) және "Бавария" (14,8%) кіреді.

Суперкомпьютер қалған төрт клубтың мүмкіндігін аз деп бағалады: "Боруссия" – 7,6%, "Әл-Хиляль" – 4,3%, "Палмейрас" – 3%, "Флуминенсе" – 1,55%.

Футболдан 2025 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін келесі құрамалар қарсыласатын болады: "Флуминенсе" – "Әл-Хиляль", "Палмейрас" – "Челси", ПСЖ – "Бавария", "Реал" – "Боруссия".

Бұған дейін Қазақстандық боксшының кәсіби рингте жарқын жеңіске жеткендігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: