ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының талисмандарын таныстырды

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының талисмандарын таныстырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 12:21 Сурет: Instagram/fifaworldcup
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми символдарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің талисмандары үш ел – чемпионатты бірге өткізетін мемлекеттерді бейнелейтін жануарлар болды:

  • Мейпл есімді бұлан (Канада);
  • Заю атты ягуар (Мексика);
  • Клатч есімді ақбас қыран (АҚШ).


Сурет: fifa


ФИФА президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, бұл жаңа кейіпкерлер футболға тән қуаныш, энергия мен бірлік рухын бейнелейді.


"Үш талисман — ойынды жаңа деңгейге шығаратын бұл турнирдің жарқын атмосферасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады", – деді Инфантино.

Алдағы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 32 емес, 48 ұлттық құрама қатысатын алғашқы турнир болмақ. Жарыстар 2026 жылғы 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында өтеді.

Бұған дейін Аида Әбікеева, Әбиба Әбужақынова және өзге де спортшылар Олимпиадаға дайындалу мақсатында стипендия алатындығын жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: