Аида Әбікеева, Әбиба Әбужақынова және өзге де спортшылар Олимпиадаға дайындалу мақсатында стипендия алады

Аида Әбікеева, Әбиба Әбужақынова және өзге де спортшылар Олимпиадаға дайындалу мақсатында стипендия алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 11:25 Сурет: Instagram/judoworld7
Қазақстандық 20 спортшы 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалу мақсатында ХОК стипендиясына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мәліметіне сүйенсек, стипендия 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында бөлінген. Бағдарламаның мақсаты – спортшыларды төртжылдықтың басты додасына іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қолдау.

"Стипендия Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына енген жекелей спорт түрлерінде өнер көрсететін спортшыларға беріледі", – делінген ақпаратта.

Ондағы міндетті талаптар:

  • іріктеуден өтуге және жоғары орындарға үміткер болуға мүмкіндік беретін нәтижелер,
  • допингке қарсы ережелерді бұзбау
  • Олимпиадалық хартияға қайшы келетін санкциялардың болмауы.

Сондай-ақ, қаржыландырудың келесі мақсаттарда жұмсалатыны белгілі болды:

  • оқу-жаттығу жиындарына,
  • жекелей дайындықтарға,
  • бапкерлер мен мамандардың еңбекақысын төлеуге,
  • медициналық және ғылыми қолдауға,
  • сақтандыруға,
  • тұру мен тамақтануға жұмсалады.

Қазақстаннан бағдарламаға енген спортшылар тізімі:

  • Аида Әбікеева (бокс)
  • Сағындық Тоғамбай (бокс)
  • Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо)
  • Әбиба Әбужақынова (дзюдо)
  • Милад Карими (спорттық гимнастика)
  • Руслан Курбанов (семсерлесу)
  • Исхар Курбаев (грек-рим күресі)
  • Ризабек Айтмұхан (еркін күрес)
  • Зейнеп Баянова (әйелдер күресі)
  • Мария Бровкова (байдарка мен каноеде есу)
  • Александра Ле (нысана көздеу, пневматикалық қару)
  • Ислам Сәтпаев (нысана көздеу, пневматикалық қару)
  • Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу)
  • Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
  • Алан Құрманғалиев (үстел теннисі)
  • Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика)
  • Әсем Орынбай (стенд ату)
  • Сергей Петрович (ауыр атлетика)
  • Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика)
  • Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика).

Бұған дейін Қазақстандықтар спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: