Әбиба Әбужақынова – әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері
Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалда Сила Ерсінді (Түркия) ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге дейін барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жарыстан шығарды. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді.
Ал
жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама
алды.
Айта кетерлігі, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы.
Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript