Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 13:23 Сурет: Instagram/jenysjudoclub
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін танымал қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова германиялық Ippon Gear брендімен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы жуырда ғана өзінің сырғалым атанғанын жариялаған болатын. Осыдан кейін, 28 наурыз күні Ippon Gear бренді Instagram парақшасында Әбибаны ресми түрде өз командасының жаңа амбассадоры ретінде таныстырды.

"Біз Әбиба Әбужақынованы командамызда көргенімізге қуаныштымыз. Ол – біздің қатарға қосылған Қазақстаннан шыққан алғашқы спортшы. Оның еңбекқорлығы, қайсарлығы және чемпионға тән ойлау жүйесі командамыздың рухына толық сай келеді. Қош келдің, Әбиба!" – делінген бренд мәлімдемесінде.

Сурет: Instagram/ippongear_official

Өз кезегінде Әбужақынова бұл келісімді үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп атап өтті. Оның айтуынша, Ippon Gear бренді сапа, күш және дзюдоның шынайы рухын білдіреді.

"Бұл команданың бір бөлігі болу – тек өзіңді ғана емес, спорттың негізгі құндылықтарын: тәртіпті, құрметті және үнемі жеңіске ұмтылуды таныту деген сөз", – деді ол.

Бұған дейін Әбиба Әбужақынова тұрмысқа шықпақшы екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: