Олимпиада ойындары - 2024: Әбиба Әбужақынова ширек финалда жеңіліп қалды

Әбиба Әбужақынова, ширек финал, Олимпиада ойындары - 2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 16:43 Сурет: ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова ширек финалда қарсыласына жол беріп қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда ол испаниялық Лаура Абелиндамен белдескен болатын. 

Негізі уақытта тең түскендіктен оларға қосымша уақыт бөлінді. Соңғы сәтте испаниялық спортшы суырылып алға шығып, жеңісті жұлып әкетті.

Енді Әбужақынова жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді. Оның ендігі қарсыласы - парагвайлық балуан.

Бұған дейін Әбиба Әбужақынова екінші белдесуінде қарсыласын 17 секундта сұлатып тастағанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: