"17 секундта сұлатып салды". Әбиба Әбужақынова екі белдесуінде де жеңіске жетті
Сурет: ҰОК
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетіп, екінші айналымда да өнер көрсетіп үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 48 келі салмақта сынға түсіп жатқан Әбиба алғашқы айналымда израильдік Шира Ришориден "ваззари" ұпайы бойынша басым түсті.
Осылайша, қазақстандық балуан Олимпиада ойындарының келесі айналымына жолдама алды.
Әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен Әбиба екінші айналымды Қытайлық Тайпей өкілі Чен Хао Линді "иппон" ұпайымен мерзімінен бұрын жеңді.
Оған жеңіс үшін бар болғаны 17 секунд қажет болды.
Оның келесі қарсыласы алда анықталатын болады.
Бұған дейін жазғы Олимпиада ойындарында дзюдошы Елдос Сметов тағы жеңіске жетіп, үшінші айналымға өткенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript