Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ-2023: Ойын кестесі жарияланды
Биылғы жылдың әлемдегі ең үздік команда атағы үшін қауымдастықтардың негізгі клуб турнирлерінде суырылып, үздік атанған 7 ұжым өзара таласады, деп хабарлайды FIFA-ның баспасөз қызметі.
- "Әл – Иттихад" (Сауд Арабиясы)- ел чемпионы, КӘЧ-2023 қожайыны.
- "Манчестер Сити" (Англия) – УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
- "Флуминенсе" (Бразилия) – Либертадорес кубогының жеңімпазы.
- "Урава Ред Даймондс" (Жапония) – Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
- "Леон" (Мексика) – КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
- 6. "Әл-Ахли" (Мысыр) - Африка Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
- Окленд Сити (Жаңа Зеландия) – Океания аймағының Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
Клубтар арасындағы турнирдің ашылу матчы 13 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де болады. "Әл-Иттихад" пен "Окленд Сити" өзара бақ сынасып, ойын өрнегін көрсетеді.
Матч № 3, 15 желтоқсан: (20:30). "Леон" - "Урава Ред Даймондс".
Матч № 2, 16 желтоқсан: (00: 00). "Әл-Ахли" және "әл-Иттихад" пен "Окленд Ситидің" бірімен ойнайды.
19 желтоқсан: (00: 00). Жартылай финал - №1. "Флуминенсе" мен № 2 матчтың жеңімпазы.
20 желтоқсан: (00: 00). Жартылай финал - №2. "Манчестер Сити" мен №3 матчтың жеңімпазы.
22 желтоқсан, (20:30). Үшінші орын үшін талас.
23 желтоқсан (00:00). Финал.
Клубтар арасындағы қазіргі чемпион Мадридтің "Реалы" болып табылады. Өткен турнирдің шешуші жекпе-жегінде чемпион атанған клуб Сауд Арабиясының "Әл-Хилял" командасын 5:3 есебімен жеңген болатын.