Танымал отандық боксшы кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді

Ермахан Жақыпбеков, отандық боксшы, кәсіби мансап, аяқтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 10:42 Сурет: Instagram/zhakpekov17
Отандық боксшы Ермахан Жақыпбеков өзінің кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады. 25 жастағы спортшы бұл туралы Instagram-дағы жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семейлік боксшының өз кәсіби мансабын ерте аяқтауына алған жарақаты себеп көрінеді.

"Бәрі де Алланың қалауымен. Қандай жағдай болса да – Әлхамдулиллаһ. Мен өзімнің бокс мансабымды аяқтап жатырмын. Жарақат тоқтауға мәжбүр етті. Бокс — өмірімнің үлкен бөлігі болды. Ол маған күш-жігер, тәртіп, мінез және шынайы адамдарды сыйлады. Әр раунд, әрбір тер тамшысы, әрбір рингке шығу — мен үшін мақтаныш. Маған сенген жандарға алғысымды айтамын. Жеңісте де, жеңілісте де жанымда болғандарға рахмет. Мен бұл жолды ризашылықпен және тік көтерген басыммен аяқтаймын. Бұл — соңы емес, жаңа бастама. Жекпе-жек енді рингтен тыс жерде жалғасады", деп жазыпты Ермахан желіде.

Ермахан Жақыпбеков Астанада өткен 2023 жылғы "Елорда кубогы" халықаралық турнирінде Әлем чемпионын жер жастандырып сенсация жасаған болатын. Ол - жастар арасындағы екі дүркін Азия чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Бұған дейін Сағындық Тоғамбай бокстан елордадағы Әлем кубогының 1/4 финалында жеңіліп қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: