Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореяда өтетін командалық Әлем кубогына қатысады
Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысатын Қазақстанның құрамасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауқымды халықаралық турнирде ел намысын сегіз спортшы қорғайды:
- Бекасыл Ергеш;
- Альмира Қанат;
- Аяулым Асқар;
- Аида Тәукенова;
- Камила Аймұқашева;
- Әбдірахман Марипов;
- Мерген Ғаниев;
- Нұрбек Ғазез.
Айта кетейік, жарыстар 7-9 шілде аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript