Суға жүзуден Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды

Суға жүзу, Әлем чемпионаты, Сингапур, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2025 18:59 Сурет: pixabay
11 шілдеде Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты шымылдығын түрді. Суға жүзуден Қазақстан атынан әлем біріншілігіне алты спортшы қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі аталған жарысқа баратын спортшылар тізімін жариялады. Олар:

  1. Әділбек Мусин (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу)
  2. Ксения Игнатова (100 метрге арқамен жүзу)
  3. Аделаида Пчелинцева (50 метрге брасс әдісімен жүзу)
  4. Софья Сподаренко (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу)
  5. Арсен Қожахметов (50 метрге брасс әдісімен жүзу)
  6. Глеб Коваленя (50 метрге арқамен жүзу).

Айта кетейік, суға жүзуден сайыстар 27 шілдеде басталады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медаль еншілегені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: