Александр Бублик алғаш рет топырақ төсенішіндегі ATP турнирінде жеңімпаз атанды

Александр Бублик алғаш рет топырақ төсенішіндегі ATP турнирінде жеңімпаз атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2025 17:01 Сурет: ktf.kz
Әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик кәсіби мансабында алғаш рет топырақ төсенішінде өткен ATP 250 санатындағы турнирде чемпион атанды. Турнир Швейцарияның Гштаад қаласында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоны (әлемдік рейтингте 109-орында) қиын матчта 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.

Бублик топырақ төсенішінде өткен соңғы 16 матчтың тек екеуінде ғана жеңіліп қалған. Бұл – қазақстандық теннисшінің 2025 жылғы маусымдағы екінші, ал ATP деңгейіндегі жеке санаттағы алтыншы титулы.

Бұған дейін Александр Бублик мына турнирлерде чемпион атанған:

  • ATP 250 Монпелье (2022),
  • ATP 500 Галле (2023),
  • ATP 250 Антверпен (2023),
  • ATP 250 Монпелье (2024),
  • ATP 500 Галле (2025).
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: