Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде үш медаль жеңіп алды

Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде үш медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 11:01 Сурет: olympic.kz
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдеге ие болды.

Барлық үш медаль - қола. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін өткен матчта Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берді.

Осы жас санатында Арайлым Сапабек те жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға қарсы кездесуде 2:3 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қола жүлдені Нұрдәулет Азаматұлы (U13) жеңіп алды. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен өткен тартысты кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: