Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open ATP 250 турниріне қатысатынын растады

Флавио Коболли Almaty Open ATP 250 турниріне қатысатынын растады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 23:01 Сурет: instagram.com/flavio_cobbo
Әлемнің 17-ракеткасы, италиялық Флавио Коболли Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Флавио — Италия теннисі жаңа буынының жарқын өкілі. 2025 жыл ол үшін табысты болды.

Коболли топырақ төсенішіндегі екі жарыс – Бухаресте ATP 250 және Гамбургте ATP 500 турнирінде топ жарды. Сонымен қатар Уимблдонда ширек финалға дейін жетіп, онда "Үлкен дулыға" турнирлерінің 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичке жол берді. 

Еске салайық, жарысқа бұдан бұрын жұлдызды ойыншылар, Almaty Open чемпионы Карен Хачанов, 2021 жылғы US Open жеңімпазы Даниил Медведев, Roland Garros-2021 және Australian Open-2023 финалисі Стефанос Циципас, сондай-ақ Қазақстан құрамасының көшбасшысы, ATP додаларының жеті дүркін чемпионы Александр Бублик қатысатынын растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: