Теннис: жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" іріктеу турнирінің жартылай финалистері анықталды

Теннис: жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" іріктеу турнирінің жартылай финалистері анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 22:31 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен Алматы қаласындағы топырақты кортта өтіп жатқан Roland Garros Junior Series by Renault - Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздар арасында Еркежан Жанатаева ширек финалда Гаухар Ақтанды 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда ол Түрікменстан өкілі Илима Гусейновамен кездеседі. Гусейнова ширек финалда Софья Малышевадан 6:1, 6:1 есебімен басым түсті.

Тағы бір ширек финалдық кездесуде Алиса Королёва үш сағатқа созылған тартысты матчта Каролина Легайды 6:7 (1:7), 7:6 (7:2), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Алиса Адиа Омарбекпен кездеседі. Адиа ширек финалда Өзбекстаннан келген Кейра Кимді 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Ұлдар арасында Мансұр Саинов Ратмир Пулькевичтен 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Жартылай финалда ол өзбекстандық Алан Зинатулинмен өзара мықтыны анықтайды.

Ал екінші жартылай финалда қазақстандық Аңсар Ниетқалиев Абдурахмон Каримовқа қарсы кездесуде 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді Аңсар финалға шығу үшін тағы бір өзбекстандық теннисші Акмал Абдуллаевпен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: