Қазақстандық теннисшілер Roland Garros іріктеу турнирінің ширек финалына мерзімінен бұрын шықты
Сурет: ktf.kz
Алматыда теннистен Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық жас теннисшілер Родион Трайгель, Аңсар Ниетқалиев, Мансұр Саинов, Еркежан Жанатаева, Каролина Лигай, Алисса Королева, Гаухар Ақтан және Адия Омарбек топтық кезеңде екі кездесуде жеңіске жетіп, ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.
6 тамызда топтық кезеңнің соңғы матчтары өтеді. Осы ойындардың нәтижесі бойынша ширек финалға жолдама алған барлық спортшы анықталады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында рейтингіде 28-орында тұрған украиналық Марта Костюкты жеңген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript