Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 14 жасқа дейінгілер арасында Кучингте ((Малайзия) өтіп жатқан World Junior Tennis Competition 14&under Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өз тобында соңғы ойында Марат Шәріповтің шәкірттері Иран командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Медина Өтепберген Рахиманамириден 6:2, 6:2 есебімен айласын асырса, Найля Баймахан Шабанпурды шыдатпады – 6:4, 6:1.
Жұптық сында Медина – Екатерина Кирюшенко Рахиманамири – Мелинадан басым түсті – 6:1, 6:3.
Осылайша, өз тобынан екінші орынмен ширек финалға жолдама алған қазақстандықтар ертең, 21 наурыз күні Аустралия құрамасымен ойнайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript