Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2024 17:34 Сурет: ktf.kz
Шымкентте 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ярослава Шведованың шәкірттері бүгін А тобында Индонезия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

Алдымен Ева Корышева бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Наомиді тас-талқан қылды - 6:0, 6:0.

Ариана Гогулина Синклердің мысын басты - 6:4, 6:2.

Жұптық сында Гогулина Альбина Кәкеновамен бірге командаға үшінші ұпайды әперді - 6:0, 6:2.

Қазақстан құрамасы 15 мамырда Жапониямен ойнайды. Жапониялықтар да Қазақстан секілді мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Осы матчта қай команданың А тобынан бірінші орынмен ширек финалға шығатыны ғана белгілі болады.

Іріктеу турнирінде жартылай финалға шыққан төрт команда әлем чемпионатына барады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: