Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық теннисшілер алғашқы кездесуін өткізді

Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық теннисшілер алғашқы кездесуін өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2025 22:49 Сурет: ktf.kz
Чехияның Простеев қаласында 2025 ITF World Junior Tennis Finals турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетіп жатыр. Топтық кезеңнің алғашқы матчында отандастарымыз Германия құрамасымен кездесті. 

Алғашқы кездесуде Хақназар Жеткербай Даниель Шарнецкиге 3:6, 2:6 есебімен жол берді. Дегенмен екінші матчта Ахмади Маханов Те Луис Калинді 6:1, 2:6, 7:5 есебімен жеңді. Шешуші жұптық ойында отандастарымыз Даниель/Луис жұбына есе жіберді. Есеп: 3:6, 4:6.

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі келесі қарсыласы Жапония болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: