Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан B тобына түсті

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 23:24 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен 4-9 тамыз аралығында Чехияның Простеев қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы B тобына түсті. Біздің команда бұл топта Германия, Жапония және Гонконг құрамаларымен кездеседі.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздің намысын Ахмәди Маханов, Хақназар Жеткербай және Әмір Асқар қорғайды.

Германия құрамасы - 2014 жылғы әлем чемпионы. Ал Жапония құрамасы 2011 жылы әлем чемпионатының финалисі атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: