Қазақстандық футбол жанкүйерлері УЕФА Суперкубогын қашан және қайда көре алады

Қазақстандық футбол жанкүйерлері УЕФА Суперкубогын қашан және қайда көре алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 17:22 Сурет: instagram/championsleague
14 тамызға қараған түні УЕФА Суперкубогы үшін матч өтеді. Онда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары – ПСЖ мен "Тоттенхэм" кездеседі. Шешуші ойын Италияның Удинезе қаласындағы "Блюэнерджи" стадионында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Француз және ағылшын клубтарының кездесуін португалиялық бас төреші Жоау Педру Пиньейру басқарады.

Бұған дейін "Тоттенхэм" мен ПСЖ ресми матчтарда жолықпаған. Дегенмен, сегіз жыл бұрын екі команда бір рет кездескен.

"Халықаралық чемпиондар кубогы" аясындағы жолдастық ойында француздар ағылшындардан 2:4 есебімен жеңілген.

Еуропаның екі топ-клубының шайқасы Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Жанкүйерлер ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан тамашалай алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: