Тимофей Скатов Италияда чемпион атанып, 12 мың еуродан астам табыс тапты
Сурет: x.com/boccardi_marioo
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов 17 тамызға қараған түні Италияның Тоди қаласында өткен ATP Challenger топырақ төсенішіндегі турнирін сәтті аяқтап, 12 980 еуро ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1/4 финалда Скатов жергілікті спортшы Джанмарко Ферраримен кездесіп, үш сетке созылған матчта жеңіске жетті. Ал финалда ол италиялық Стефано Травальямен кортқа шықты.
Петропавл тумасы қарсыласын 7:6, 0:6, 6:2 есебімен үш сетте ұтты. Ойын 2 сағат 45 минутқа созылды. Осылайша, Тимофей Скатов турнир чемпионы атанып, 12 980 еуро жүлде мен 75 рейтингтік ұпай иеленді.
Бұл 24 жастағы қазақстандық спортшының мансабындағы үшінші титулы болды.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Цинциннатиде өткен турнирдің жартылай финалына шыққан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript