Едіге Қасымбек еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Едіге Қасымбек еркін күрестен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 11:21 Сурет: United world wrestling
Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 125 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.

Ал Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.

Еске салайық, бұған дейін еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күресетінін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: