Жұқаев US Open-2025 іріктеуінің жартылай финалына өту үшін бар күшін салды

Жұқаев US Open-2025 іріктеуінің жартылай финалына өту үшін бар күшін салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2025 12:12 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
АҚШ-тағы ашық чемпионаттың іріктеу кезеңінің алғашқы айналым матчтары аяқталды. Оның қорытындысы бойынша үш қазақстандық теннисші де келесі кезеңге жолдама алды. Әсіресе, Бейбіт Жұқаев ерекше табандылығымен көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтаулық спортшы өз жеңісі үшін үш жарым сағаттан астам уақытқа созылған тартыста ұлыбританиялық Джек Пиннингтон Джонспен (ATP рейтингінде №193) шеберлік байқасты.

Алғашқы сетте 3:6 есебімен ұтылған қазақстандық кейін екі ауыр партияны өз пайдасына шешті. Ол қарсыласын екі тай-брейкте – 8:6 және 14:12 есебімен жеңді.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев енді US Open-2025 іріктеуінің финалына шығу үшін бақ сынайды. Жартылай финалда оған корт иесі, әлемнің 143-ракеткасы Закари Забайду қарсылас атанады. Бұл матч 20 тамыз күні, Қазақстан уақытымен шамамен 21:30-да басталады.

Сол уақытта Нью-Йоркте тағы екі қазақстандық теннисші – Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко да кортқа шығып, жарыстың негізгі кезеңіне жолдама үшін күреседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: