Диас Сейітқалиев Болгарияда Азия чемпионын жеңді

Диас Сейітқалиев Болгарияда Азия чемпионын жеңді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2025 20:44 Сурет: United world wrestling
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Диас Сейітқалиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кем дегенде күміс медальді өзіне қамтамасыз етті.

Жартылай финалда Диас жапониялық Тайзо Ёсидоға еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетейік, өткен жылы Ёсидо ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Финалда Сейітқалиевтің қарсыласы ресейлік Михаил Шкарин болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: