"Қайрат" – "Селтик" матчының бірінші таймында қандай қызық болды

"Қайрат" – "Селтик" матчының бірінші таймында қандай қызық болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 22:47 Сурет: Zakon.kz
Алматыда өтіп жатқан УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы кездесудің бірінші таймы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын екі команданың барлауымен басталды. 23-минутқа дейін алаңда айтарлықтай қауіпті сәттер болған жоқ. Дегенмен осы минутта "Қайрат" ойыншысы қарсылас қақпашысымен бетпе-бет шықты. Алайда қуаныш ұзаққа созылмады – футболшы офсайдта қалған болып шықты.

Бұдан кейін бір минут өтпей жатып, шотландиялық клубтың гол соғуға мүмкіндігі болды. Бірақ қақпашымыз Темірлан Анарбеков тамаша сейв жасап, команданы голдан құтқарды.

Қалған уақытта қос тарап бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп ашылмады.

45 минуттық ойын қорытындысы – 0:0.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының гимні алғаш рет шырқалғанын хабарланған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: