"Қайрат" – "Селтик" кездесуінде жанкүйерлер өздерін қалай ұстады

"Қайрат" – "Селтик" кездесуінде жанкүйерлер өздерін қалай ұстады , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 10:40 Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясындағы халықаралық футбол матчы өтті. Ойынға қазақстандық "Қайрат" және шотландиялық "Селтик" командалары қатысты. Полиция жарыс кезінде құрама жанкүйерлері өздерін қалай ұстағанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ таратқан мәліметке сүйенсек, "Қайрат" – "Селтик" кездесуінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Жеке құрамның үйлесімді әрекеттерінің және қала тұрғындары мен қонақтарының түсіністігінің арқасында матч тыныш жағдайда өтті.

"Жанкүйерлер тәртіп сақтап, командаларды спорттық бәсекелестік рухында қолдады. Азаматтардың өзара құрметі мен полиция қызметкерлерінің жұмысының арқасында құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына саналы көзқарасы мен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Ведомство спорттық нысан мен оған іргелес аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шамамен 2 мың полиция қызметкері жұмылдырылғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының гимні алғаш рет шырқалғанын хабарланған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: