"Селтик" бапкері командасының сәтсіздігін мойындап, "Қайратты" құттықтады
Сурет: instagram.com/celticfc
27 тамыз түні матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында "Селтик" клубының бас бапкері Брендан Роджерс өз командасының "Қайраттан" жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бренданның айтуынша, "Қайратқа" қарсы өткен қарымта ойында командаға сәттілік жетіспеді, деп жазды sportarena.kz.
"Біздің команда үшін қорқынышты нәтиже. Ойын қиын болды. Негізгі және қосымша уақытта өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Пенальти сериясында қарсыласымыз сәттірек болды", - деді Брендан Роджерс.
Сонымен қатар Брендан Роджерс алматылық "Қайрат" клубын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққанымен құттықтады.
Еске салайық, 27 тамызға қараған түні өткен УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңіндегі матчта қазақстандық "Қайрат" шотландиялық "Селтикті" пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтып, тарихи жеңіске жетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript