Жаңалықтар тізбегі
0

Норвегия құрамасының бас бапкері Қазақстан қақпасына гол соға алмауларының себебін айтты

Столе Сольбаккен, футбол, Норвегия құрамасының бас бапкері, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 11:54 Сурет: wikimedia
Футболдан Норвегия құрамасының бас бапкері Столе Сольбаккен баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстанмен арада күні кеше өткен матчқа қатысты өз бағасын берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

В лиганың ІІІ-тобының бірінші туры аясында 6 қыркүйекте Норвегия мен Қазақстан құрамасы Алматыда кездесті.

"Біз көп қауіпті сәттер тудырамыз деп жоспарлаған едік. Алайда, Қазақстан құрамасы өте батыл әрекет етіп, қорғаныста сапалы нәтиже көрсетіп, қарсы шабуылға да шыға білді. Оларда ойынға үш орталық қорғаушы шықты, осы шешім тактикалық тұрғыдан сауатты болды", - деді Сольбаккен.

Сондай-ақ, Норвегия құрамасының бас бапкері Эрлинг Холандтың өнеріне баға берді. Форвард - әлемдегі ең қымбат футболшылардың бірі және өз ұлттық құрамасының қазіргі ойыншылары арасындағы үздік бомбардирі.

"Менің ойымша, ол жақсы ойнады, қауіп төндіре білді. Оның гол соғуына жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ, өкінішке қарай, барлығы сәтсіз шықты. Бұл жағдайда Эрлингтің өзегін өкініш өртері сөзсіз", - деп сөзін қорытындылады Сольбаккен.

Айта кетсек, 6 қыркүйекте кешқұрым уақытта Алматыда Қазақстан мен Норвегия құрамасы кездесті. Норвегия айқын фавориттер қатарына жатса да Қазақстан құрамасын жеңе алмады. Есеп - 0:0.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: