"Реал Мадрид" Алматыға келеді
Сурет: Zakon.kz
"Қайрат" Чемпиондар лигасында "Реал Мадрид" пен "Интерге" қарсы ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімін өткізді.
Нәтижесінде алматылық "Қайраттың" қарсыластары белгілі болды – олардың қатарында әйгілі "Реал Мадрид" пен "Интер" бар. Әр команда барлығы сегіз түрлі клубпен ойын өткізеді.
Бұл маусым – жаңа ережелер бойынша өтетін Чемпиондар лигасының екінші маусымы. Турнирде топтық кезең болмайды. Жалпы кезеңде әр команда сегіз кездесу өткізеді.
Турнир кестесіндегі алғашқы сегіз орынға ие болған клубтар бірден 1/8 финалға шығады.
9-дан 24-орынға дейінгі командалар плей-офф кезеңіне жолдама үшін қосымша матчтар ойнайды. Қалғандары Чемпиондар лигасындағы ойындарын тоқтатады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript