Сабина Алтынбекова Қазақстан құрамасының сапына оралды
Сурет: Instagram/altynbekova_20
Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мансабын ел құрамасының сапында жалғастырмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
28 жастағы волейболшы "Астана" құрамасының ойыншысы атанды. Бұл туралы 1 қыркүйекте желіде спортшы мен волейбол клубы жариялаған жазбадан белгілі болды.
Айта кетейік, Алтынбекова 2015 жылы Қазақстан жастар құрамасының Тайбэйдегі Азия чемпионатындағы ойындарында көпшілікке тек ойынымен ғана емес, сырт келбетімен де танымал болды. Ол, елімізде "Алматы" волейбол құрамасында өнер көрсетті, одан кейінгі мансабын Жапония, БАӘ және Индонезияда жалғастырды. "Әл-Васл" клубының құрамында спортшы Араб лигасының чемпионы атанды.
Бұған дейін Қазақстанның ең көрікті волейболшысы – Сабина Алтынбекова Instagram желісінде жүрекжарды сырымен бөліскенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript