Александр Бублик АҚШ-та әлемнің бірінші ракеткасынан ойсырай жеңілді
Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз төртінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен (Италия) өзара мықтыны анықтады.
1 сағат 21 минутқа созылған матчта италиялық теннисші 1:6, 1:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің төртінші айналымда чехиялық Маркета Вондроушовадан (WTA №60) 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жеңілген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript