Қазақстан құрамасының тәлімгері Уэльспен матчқа дайындық қандай екенін айтты

Қазақстан құрамасының тәлімгері Уэльспен матчқа дайындық қандай екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 14:30 Сурет: Instagram/kff_team
4 қыркүйек күні кешке Астанада футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Уэльске қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзіміздің алаңда өтетін ойын қарсаңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ойыннан күтетін үміті мен сенімін айтты.

"Біздің футболшылар барынша дайындалды. Өкінішке орай, Еркін Тапалов жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Сондай-ақ, Ислам Чесноковтың бұлшық еттерінде де мәселелер бар. Біз тек толығымен дайын адамдарды шығарамыз. Уэльс ең әлсіз тұсымыз бен кемшілігімізді іздейді". Әли Әлиев

Капитандық таңғыш Асхат Тағыберген ҚР құрамасындағы мансабын аяқтағанына байланысты, Нұралы Әліпке берілуі мүмкін.

Бірақ бұл матч алдында белгілі болады.

Қазақстан-Уэльс матчы 4 қыркүйекте сағат 19:00-де "Астана Аренада" өтеді, Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетілім жасайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: