"Қайрат" – "Спортинг": алматылық футболшылар жанкүйерлерін Португалиядағы матчқа шақыруда
Сурет: Instagram/f.c.kairat
Алматының "Қайрат" футбол клубы португалиялық "Спортингпен" өтетін ойында жанкүйерлерін қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, алматылық "Қайрат" 18 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде дебют жасайды. Ойын Лиссабонда өтеді, онда қазақстандық футболшылар жергілікті "Спортинг" командасымен кездеседі.
Матч "Жозе Алваладе" стадионында өтеді. "Қайрат" жанкүйерлеріне B11 және B13 қонақ секторлары бөлінген. Билет бағасы 28 мың теңгеден басталады.
"Қайратты Португалияда қолда!" – делінген жазбада.
Матч Қазақстан уақытымен 19 қыркүйекке қараған түні, сағат 00:00-де басталады.

Сурет: Telegram/FC Kairat Almaty
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда өтетін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" клубының матчына билеттер 23 қыркүйек күні 17:00-де сатылымға шығады. Ал, оның құны 30 мың мен 250 мың теңге аралығында болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript